Теннис
26 қыркүйек 13:33

Қазақстандық теннисші әлемдік рейтингте рекордын жаңартты

©ҚТФ

Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) жаңартылған әлемдік рейтингті жариялады.

Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшысы Александр Бублик жаңартылған тізімде 16-орынға көтерілді. Бұл – оның жеке рекорды, бұған дейін спортшы 17-орыннан жоғары көтерілмеген еді.

Мұндай көрсеткішке Бубликтің Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен ATP сериясындағы турнирде жеңіске жетуі себеп болды.

Әлемдік рейтингте испаниялық Карлос Алькарас көш бастап тұр. Екінші орында - италиялық Янник Синнер. Үздік үштікті германиялық Александр Зверев түйіндеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport