Қазақстандық теннисші Александр Бублик АТР турнирінің екінші айналымында

Сурет olympic.kz сайтынан алынды

Англияның Истборн қаласында өтіп жатқан теннистен АТР сериясындағы кезекті турнирдің бірінші айналымында қазақстандық екі теннисші кездесіп, келесі айналымға Александр Бублик өтті, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Жеребеге сәйкес, қазақстандық ойыншылар Александр Бублик пен Михаил Кукушкин өзара кездескен болатын. 

Ойында 6:1, 6:4 есебімен Бублик жеңіске жетті. 

Екінші айналымда Бублик Беларусь елінің өкілі Егор Герасимовпен жолығады. 

Метки: