Қазақстандық теннисші Бейбіт Жұқаев Шарлотсвиллде (АҚШ) өтіп жатқан "челленджер" турнирінің финалына шықты. Бұл отандасымыз үшін жоғары жетістіктің бірі.
Жартылай финалда Бейбіт америкалық Патрик Кипсонды 6:4 және 7:6 есебімен ұтып шықты. Финалда тағы бір америкалық теннисшімен ойнайды. Эйдан Мейо мен Этан Куинн арасындағы ойынның ұтқаны қарсылас атанады.
Жарыста қазақстандық теннисші америкалық Тай-Сон Квятковски (4:6, 7:6, 7:6), испан Иньяки Монтеса де ла Торре (6:4, 7:6) және хорват Нино Сердарушичтен (6:3, 6:4) басым болған еді.
Айта кетейік, Шарлотсвиллдегі жарыстың жүлде қоры 80 000 АҚШ долларын құрайды. Жеңімпаз 10 840 долларға ие болады және 75 рейтингілік ұпай еншілейді.