Қазақстан құрамасының теннисшісі Александр Шевченко Аустралияның Аделаида қаласында өтіп жатқан ATP 250 санатындағы турнирдің жартылай финалына шығу үшін сынға түседі.
Отандасымыз жекелей сайыстың 1/8 финалында Венгрия өкілі Мартон Фучовичпен кездесті. Қазақстандық теннисші әлемдік рейтингте 55-орында тұрған қарсыласын 6:3, 7:6 есебімен ұтты.
Енді Александр Шевченко жартылай финалға шығу үшін әлемнің 36-ракеткасы, Франция спортшысы Уго Умбермен кездеседі.
Жарнама