Теннис
3 шілде 13:16
 

Қазақстандық спортшы United States Smash атты ірі турнирге қатысады

  Пікірлер

blog.share

Қазақстандық спортшы United States Smash атты ірі турнирге қатысады ©ҚР ҰОк

Лас-Вегаста (АҚШ) үстел теннисінен United States Smash атты ірі халықаралық турнир өтеді.

blog.share

Лас-Вегаста (АҚШ) үстел теннисінен United States Smash атты ірі халықаралық турнир өтеді.

Бұл жарыста әлемдік деңгейдегі көптеген жұлдыз бақ сынамақ. Олардың қатарында әлемдік рейтингтің көшбасшылары бар: Линь Шидун (Қытай, №1), Ван Чуцинь (Қытай, №2), Уго Кальдерано (Бразилия, №3), Харимото Томокази (Жапония, №4), Лян Цзинкунь (Қытай, №5), Трулс Морегард (Швеция, №6), Феликс Лебрун (Франция, №7), Лин Юн-Джу (Тайбэй, №8), Дарко Йоргич (Словения, №9), Сян Пэн (Қытай, №10).

Қазақстандық Кирилл Герасименко турнирді іріктеу кезеңінен бастайды. Оның алғашқы қарсыласы – Бельгияның үш дүркін чемпионы Мартин Аллегро.

Айта кетейік, турнирдің жүлде қоры 1 550 000 АҚШ долларын құрайды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!