Қазақстандық спортшы Tennis Europe турнирін жеңді

©ҚТФ

Қазақстандық Роберт Каминский Вильнюс қаласында 12 жасқа дейінгілер арасында өткен екінші санаттағы Tennis Europe турнирінде чемпион атанды. Бұл туралы ҚТФ ресми сайты хабарлады.
Еліміздің жас жұлдызы финалда Польшаның осы жастағы бірінші ракеткасы Ян Парадовскиймен кездесті.

Алматы теннис мектебінің түлегі қарсыласын 6:4, 6:4 есебімен тізе бүктірді. Жарыс барысында Роберт бірде-бір сетте ұтылған жоқ.

Жұптық сында Роберт литвалық Марк Тверсиймен бірге финалда тартысты бәсекеде Беларусь өкілдері Коран – Свитловқа есе жіберді – 6:1, 4:6, 5:10.

Роберт Каминский үшін биылғы жыл табысты болды. Ол осымен Tennis Europe сериясы бойынша жекелей сында үшінші титулына қол жеткізді. Биылғы маусымда Амал Сұлтанбековтің шәкірті 30 матч өткізіп, соның 26 жеңіске жетті.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: