Қазақстандық Рыбакина әлемдегі ең табысты 10 бұрымды спортшының қатарына кірді

©instagram.com/lenarybakina

Sportico басылымы 2023 жылы ең көп табысқа кенелген спортшы қыздардың рейтингін жариялады. Олардың қатарында қазақстандық Елена Рыбакина да бар, деп жазады Мassaget.kz.

Рейтингтің алғашқы ондығына жеті бірдей теннисші енген. Елена Рыбакина тізімде 7-орынға жайғасқан. Басылым ақпараты бойынша қазақстандық теннисшінің биылғы табысы 9,5 миллион долларды құраған. 

Рейтингтегі ондық: 

1. Кори Гауфф (АҚШ, 22 жас) - 22,7 миллион доллар(6,7 миллион сыйақы) - теннис
2. Ига Швентек (Польша, 22 жас) - 21,9 миллион (9,9 сыйақы) - теннис
3. Эйлин Гу (Қытай, 20 жас) - 20 миллион (27 тыс. сыйақы) - сноуборд
4. Эмма Радукану (Ұлыбритания, 21 жас) - 16,2 миллион (238 тыс. сыйақы) - теннис
5. Наоми Осака (Жапония, 26 жас) - 15 миллион (0 сыйақы) - теннис
6. Арина Соболенко (Беларусь, 25 жас) - 12,2 миллион (8,2 миллион сыйақы) - теннис
7. Елена Рыбакина (Қазақстан, 24 жас) - 9,5 миллион (6 миллион сыйақы) - теннис
8. Джессика Пегула (АҚШ, 29 жас) - 9 миллион (6 миллион сыйақы) - теннис
9. Симона Байлз (АҚШ, 26 жас) - 8,5 миллион (0 сыйақы) - спорттық гимнастика
10. Нелли Корда (АҚШ, 25 жас) - 7,9 миллион (1,4 миллион сыйақы) - гольф

Рейтингіде спортшылардың салық төлегенге дейінгі табысы есепке алынған.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport