Қазақстандық Михаил Кукушкин Miami Open турнирінің екінші айналымына шықты

Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин АҚШ-та өтіп жатқан Miami Open турнирін жеңістен бастады,- деп хабарлайды Vesti.kz.

Бірінші айналымда оның қарсыласы британиялық Джек Дрейпер болды. Кукушкин бірінші сетті 7:5 есебімен ұтты, осыдан кейін қарсылас ойынды жалғастырудан бас тартты. Айта кетейік, Кукушкин АТР рейтингінде 105-ші, ал Дрейпер - 316-шы.

Екінші айналымда Кукушкин ресейлік Аслан Карацевпен кездеседі. 

Метки: