Қазақстандық Кукушкин АҚШ-тағы турнирде Надальдің орнын басты

Михаил Кукушкин (оң жақта) және Рафаэль Надаль. Сурет: zimbio.com
Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин америкалық Цинциннатидегі "Мастерс" сериясындағы турнирдің негізгі сеткасында испаниялық Рафаэль Надальді алмастырады, -деп хабарлайды Sportbox.ru.

Әлемнің екінші ракеткасы жарысты жалғастырудан бас тартты. 33 жастағы испаниялық спортшы Монреальда өткен турнирден кейін шаршаған, бұлжарыстың финалында ол ресейлік Даниил Медведевті 6:3, 6:0 есебімен ұтты.

Цинциннатиде Надальдің орнын квалификация финалында ресейлік Андрей Рублевке есе жіберген Кукушкин басады. Ал испаниялық теннисші қатысатын келесі жарыс 26 тамызда басталатын US Open болмақ. 

Цинциннатидегі турнир 11 тамызда басталып, 18 күні аяқталады. Турнирдің жүлде қоры 6,7 миллион доллар.
Метки: