Қазақстандық теннисшілер Бейбіт Жұқаев пен Денис Евсеев Қытайдағы Шэньчжэн челленджер турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.
Рейтингте 302-орында тұрған Бейбіт екінші айналымда әлемнің 69, жарыстың 1-ракеткасы, аустралиялық Танаси Коккинакисті 6:3, 6:4 есебімен ұтты.
Бір сағат 13 минутқа созылған матчта Бейбіт 9 эйс жасап, 7 брейк-пойнттың екеуін сәтті пайдаланды.
Тағы бір қазақстандық, әлемнің 260-ракеткасы Денис Евсеев рейтингте 585-сатыдағы қытайлық Цуй Цзені жолдан тайдырды - 6:4, 6:0. Бір сағатқа созылған бәсеке барысында Денис 3 эйс, 5 брейкпен (7 брейк-пойнт) көзге түсті.
Жартылай финалға шығу үшін Жұқаев енді рейтингте 503-орындағы белоруссиялық Егор Герасимовпен кездесу өткізеді. Ал Евсеев әлемнің 146-ракеткасы, америкалық Александр Ковачевичке қарсы ойнайды.