Теннис
1 тамыз 2023 17:32

Қазақстандық жасөспірім теннисшілер Германиядағы жарыста үздік шықты

©ҚТФ

Қазақстандық жасөспірім теннисшілер Германияның Ульм қаласында 14 және 16 жасқа дейінгілер арасында екінші санаттағы Tennis Europe сериясы бойынша өткен Müller Junior Cup Ulm турнирінде жеңімпаз атанды.

14 жасқа дейінгілер арасында Еркежан Жаңатаева жекелей сында үздік шықты. Ол финалда германиялық Франческа Парцеллиді тізе бүктірді – 4:6, 6:4, 6:2.

Жұптық сында Ярослав Пшеничный мен Мансұр Сайынов қарсылас шақ келтірмеді. Ал Әдия Омарбек германиялық Гудит Пламен бірге финалист атанды.

Сәтима Төреген 16 жасқа дейінгілер арасында жеңіс тұғырына көтерілді. Ол соңғы бәсекеде неміс қызы Ида Вобкерді қапы қалдырды – 6:3, 6:7 (4:7), 6:4.

Ұлдар арасында Родион Лукашов – Олжас Есенәлі финалға дейін жетті.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport