Қазақстандық жас теннисші Әмір Омарханов Грузия елінің астанасы Тбилисиде өткен 18 жасқа дейінгі жастар арасындағы ITF J60 турнирінде топ жарды. 15 жастағы отандасымыз жекелей және жұптық сындарда үздік шықты.
Әмір жекелей сынның финалында Әзербайжан спортшысы Канан Гасимовпен кездесті. Қарсыласын 6:1, 6:3 есебімен айқын ұтып шықты. Ал жұптық бәсекеде Әмір Омраханов болгариялық Иван Найденовпен бірге өнер көрсетіп, қазақстандық жұп Ілияс Маратұлы - Виталий Зацепинді 6:3, 6:4 есебімен ұтты. Нәтижесінде ITF J60 турнирінің абсолютті чемпионы атанды.
Қазақстандық теннисші ITF Juniors додасындағы бесінші титулына қол жеткізді. Оның екеуін жекелей сында жеңіп алған.