Теннис
10 шілде 15:22

Қазақстандық жас теннисші “Уимблдон” турнирінің ширек финалына жетті

©ҚТФ

Қазақстандық теннисші Әмір Омарханов жасөспірімдер арасында “Уимблдон” турнирінің ширек финалына шықты.

Жерлесіміз жұптық сайыста ресейлік Егор Плешивцевпен бірге өнер көрсетуде.

Олар 1/8 финалда турнирдің екінші нөмірлі жұбы ресейлік Тимофей Дерепаско мен италиялық Джакопо Васамиді 6:3, 6:2 есебімен сенімді түрде жеңді.

Осылайша, Әмір Омарханов/Егор Плешивцев жартылай финалға шығу үшін оңтүстікафрикалық Коннор Доиг/үндістандық Криш Туягимен кездеседі.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport