Қазақстандық теннисші Заңғар Нұрланұлы Оңтүстік Кореяның Чхунчхон қаласында өткен J200 санатындағы турнирдің жеңімпазы атанды.
Жарыс барысында қазақстандық спортшы бірінші нөмірмен бақ сынады. Финалда отандасымыз оңтүстіккореялық Мин Хук Чоннан 6:3, 6:4 есебімен сенімді түрде басым түсті. Турнир бойы Заңғар қарсыластарына бір де бір сетте жол берген жоқ.
Нұрланұлы жекелей сайыста осымен алтыншы рет ITF Juniors турнирлерінде жеңімпаз атанып отыр.