Оңтүстік Кореяның Вонджу қаласында теннистен жасөспірімдер арасындағы ITF Juniors сериясының беделді J300 санатындағы турнирі өз мәресіне жетті.
Финалда 18 жасқа дейінгі Қазақстанның бірінші ракеткасы Заңғар Нұрланұлы әлемдік жасөспірімдер рейтингінде 41-орында тұрған Қытай Тайбэйінің өкілі Куан Чеу Ченмен кездесті.
Отандасымыз сенімді түрде жеңіске жетті. Қорытынды есеп - 6:2, 6:1.
Бұл атақ Нұрланұлы үшін хард төсенішіндегі қатарынан екінші жеңіс болды. Өткен аптада ол Оңтүстік Кореяның Чхунчхон қаласында өткен J200 турнирінде топ жарған еді.
Жарнама