Теннис
24 қыркүйек 16:42

Қазақстандық жас теннисші Азия чемпионатында жүлде жеңіп алды

©ҚР ҰОК

Филиппинде 14 жасқа дейінгі теннисшілер арасында Азия чемпионаты аяқталды.

Бұл беделді жарыста Қазақстан намысын Асқар Әмір, Ясмин Дүйсембаева және София Малышева қорғады.

Турнир қорытындысы бойынша Ясмин Дүйсембаева қола медаль жеңіп алды. Бұл жетістік оған дәстүрлі түрде Australian Open турнирінің екінші аптасында өтетін Elite Junior Trophy 14 & Under жарысына қатысуға мүмкіндік берді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport