Қазақстандық дерби. Рыбакина Мадридтегі турнирдің жартылай финалына өтті

©facebook.com/elenarybakina/

Испанияның Мадрид қаласында өтіп жатқан WTA-1000 турнирінің ширек финалында қазақстандықтар Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева бетпе-бет келді.

Жартылай финалға жолдама үшін матчтің бірінші сетінде Путинцева басым болды, алайда укейінгі екі сетте Рыбакина ұтып,  4:6, 7:6, 7:5 есебі тіркелді. 

Осылайша, екі сағат 48 минут жалғасқан тартысты матчте Елена жеңіске жетіп, жарысты ары қарай жалғастыратын болды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport