Қазақстандық теннисшілер Александр Бублик және Андрей Голубев карьерасында алғаш рет "Үлкен дуылға" сериясының финалында ойнады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Теннистен Францияның ашық чемпионатында ("Ролан Гаррос") қазақстандық спортшылар жұптық сайыста корт қожайындары франциялық Пьер-Юг Эрбер және Николя Маюге қарсы ойнады.
Бірінші партияда қазақстандықтар 6:4 есебімен басым болды. Екінші сетте тай-брейк болды (6:6), қосымша уақытта франциялықтар ұтты (7:1).
Ал шешуші партияда қайтадан франциялықтар басым түсті 4:6.