Теннис
29 мамыр 08:37
 

Қазақстандық бес бірдей теннисші "Ролан Гарросты" жеңіспен бастады

  Пікірлер

blog.share

Қазақстандық бес бірдей теннисші "Ролан Гарросты" жеңіспен бастады ©ҚР ҰОК

Теннистен Қазақстан құрамасының бес өкілі Парижде (Франция) өтіп жатқан ірі турнирдің бірі — "Ролан Гаррос" жарысының екінші кезеңіне өтті.

blog.share

Теннистен Қазақстан құрамасының бес өкілі Парижде (Франция) өтіп жатқан ірі турнирдің бірі — "Ролан Гаррос" жарысының екінші кезеңіне өтті.

Ерлер арасындағы жарыста Александр Бублик аустралиялық Джеймс Даквортты 6:2, 6:4, 6:3 есебімен жеңді. Екінші кезеңде ол әлемнің тоғызыншы ракеткасы аустралиялық Алекс де Минаурмен ойнайды.

Александр Шевченко жарысты сербиялық Душан Лайовичті 6:2, 6:4, 7:6 (7:4) есебімен жеңумен бастады. Келесі айналымда оған америкалық Итэн Куинн қарсылас болады.

Әйелдер арасында Елена Рыбакина Аргентинадан барған Хулия Риерді (WTA №202) 6:1, 4:6, 6:4 есебімен тізе бүктірді. Еленаның келесі қарсыласы америкалық Ива Йович болмақ.

Юлия Путинцева аргентиналық Солана Сьерраны (WTA №110) 7:6(4), 6:2 есебімен жеңіп, жарысты сәтті бастады. Келесі қарсыласы тайбэйлік Джоанна Гарленд.

Жұптық жарыста Анна Данилина сербиялық Александра Круничпен бірге Польша мен АҚШ жұбы Магда Линнет/Бернарда Пенаға қарсы ойында 6:7, 6:1, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Олардың келесі қарсыластары кейін анықталады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!