Қазақстандық Александр Бубулик карьерасында алғаш АТР рейтингінде 38-ші орынға көтерілді

Сурет: olympic.kz

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик карьерасында алғаш рет АТР рейтингінде 38-ші орынға көтерілді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Жаңа рейтинг бүгін, 17 мамырда жарияланды. Александр екі апта бұрын 40-шы орында болған, осылайша, ол одан бері екі саты жоғарлап отыр. 

Рейтинг көшбасшысы Новак Джокович, екінші орында Даниил Медведев, ал үшінші - испаниялық Рафаэль Надаль.

Тағы бір қазақстандық Михаил Кукушкин үш саты жоғарлап, топ-100 тізімде тұр.

Метки: