Теннис
Бүгін 13:38

Қазақстан үстел теннисінен командалық әлем чемпионатын жеңіспен бастады

©olympic.kz

Лондонда (Ұлыбритания) үстел теннисінен командалық әлем чемпионаты басталды, деп хабарлайды Vesti.kz ҚР ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан құрамасының спортшылары топтық кезеңдегі алғашқы матчтарын өткізді. Ерлер құрамасы Түркияны жеңсе, әйелдер құрамасы Бразилияға есе жіберді.

Ерлер (11-топ)

Қазақстан – Түркия 3:1

Кирилл Герасименко – Абдулла Йигенлер 3:0

Алан Құрманғалиев – Горкем Окал 1:3

Айдос Кенжіғұлов – Ибрагим Гүндуз 3:1

Кирилл Герасименко – Горкем Окал 3:0

Әйелдер (5-топ)

Қазақстан – Бразилия 1:3

Сарвиноз Миркадирова – Бруна Такахаши 0:3

Зәуреш Ақашева – Джулия Такахаши 3:2

Жәнерке Көшкімбаева – Лаура Ватанабе 2:3

Зәуреш Ақашева – Бруна Такахаши 0:3

Қазақстан ерлер құрамасы келесі матчын бүгін, 29 сәуірде Мысырға қарсы өткізеді. Кездесу Астана уақытымен 23:30-да басталады.

Ал Қазақстан әйелдер құрамасы бүгін Моңғолиямен ойнайды. Матч Астана уақытымен 21:00-де басталады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport