Қазақстан теннис федерациясын шетелдік маман басқаратын болды

22 қыркүйек 2020 12:37
Сурет: metro.co.uk
Қазақстанның теннис федерациясының командасына белгілі теннис функционері Дейв Майли қосылды. Атқарушы директор қызметінде маман теннистің дамуына жетекшілік ететін болады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Дейв Майли Халықаралық теннис федерациясында (ITF) 25 жылдан астам уақыт басшылық қызметтерде отырды. Ол 10 жасқа дейінгі ойыншыларға қолдау білдіру бойынша ITF бағдарламасының авторы және іске асырушысы. Ол әлемдегі ең білікті мамандардың бірі саналады. 



Қазақстан теннис федерациясының жаңа атқарушы директоры ITF ұйымының аймақтық қауымдастықтар, Олимпиада комитетімен жұмысына жетекшілік еткен, Олимпиада, Паралимпиада, Азия ойындарын ұйымдастыруға қатысқан. 
Метки: