Дейв Майли Халықаралық теннис федерациясында (ITF) 25 жылдан астам уақыт басшылық қызметтерде отырды. Ол 10 жасқа дейінгі ойыншыларға қолдау білдіру бойынша ITF бағдарламасының авторы және іске асырушысы. Ол әлемдегі ең білікті мамандардың бірі саналады.
Қазақстан теннис федерациясының жаңа атқарушы директоры ITF ұйымының аймақтық қауымдастықтар, Олимпиада комитетімен жұмысына жетекшілік еткен, Олимпиада, Паралимпиада, Азия ойындарын ұйымдастыруға қатысқан.