Қазақстан Президенті "Уимблдон" турнирінің финалына шыққан Рыбакинаны құттықтады

©championat

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің бірінші ракеткасы Елена Рыбакинаны "Уимблдон" турнирінің финалына шығуымен құттықтады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

"Елена Рыбакинаны теннистегі ең беделді жарыс саналатын Уимблдон турнирінде табысты өнер көрсетуімен құттықтаймын. Ол финалға шықты!", - деп жазды Мемлекет басшысы твиттер парақшасында.

Еске салайық, Рыбакина жартылай финалда румыниялық Симона Халепті 6:3, 6:3 есебімен ұтты. Енді ол турнирдің финалында тунистік Унс Жабермен кездеседі.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport