Қазақстан құрамасы жасөспірімдер арасындағы ӘЧ-де Аргентинаны ұтты

©ҚТФ

Теннистен Қазақстан құрамасы жасөспірімдер арасындағы (14 жасқа дейін) әлем чемпионатында Аргентина командасын ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Жекелей ойындарда Даниэль Тазабеков Бенджамин Челийден (7:5, 6:2) басым түссе, Заңғар Нұрланұлы аргентиналық қатарласы Данте Паганиге (6:2, 1:6, 1:6) есе жіберді. Жұптық бәсекеде Дамир Жалғасбай мен Даниэль Тазабеков екеуі Пагани мен Челий дуэтін (6:1, 6:4) тізе бүктірді.

Ертең, 3 тамызда қазақстандықтар Италия құрамасымен кездеседі. Жерлестеріміз жеңіске жеткен жағдайда турнирдің ширек финалына шығады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: