Дэвис кубогы үшін әлемдік топқа шығу үшін Қазақстан құрамасы аргентиналық теннисшілермен кездеседі, - деп хабарлайды
Vesti.kz.
Біздің команданың қарсыласы бүгін жеребе тастау арқылы белгілі болды. Ойындар 15-17 қыркүйекте Қазақстанда өтеді.
Еске салайық, плей-офф кезеңінде Қазақстан құрамасы қытайлық теннисшілерді 3:0 есебімен жеңген болатын. Жекелей жарыста Михаил Кукушкин мен Дмитрий Попко, ал жұптық кездесуде Александр Недовесов пен Андрей Голубевтер дуэты жеңіске жетті
Жарнама