Қазақстан Austarlian Open турнирінде тағы есе жіберді
Бүгін, 22 қаңтарда қазақстандық Александр Недовесов пен пәкістандық Айсам-Уль-Хак Куреши Australian Open-2022 турнирінің екінші айналымында жұптық сайыста сынға түсті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Олардың қарсыластары америкалық Маркос Хирон мен кореялық Сун-Ву Квон болды. Недовесов пен Куреши 6:1, 3:6, 6:7(7:10) есебімен жеңіліс тапты. Кездесу 2 сағатқа созылды.
23 қаңтарда өтетін үшінші айналымда Хирон мен Квон голландиялық Уэс Колхоф пен ұлыбританиялық Нил Скупскиге қарсы ойнайды.
Естеріңізге сала кетейік, кортқа енді аралас ойын түрінен жұптар шығады. Қазақстандық Андрей Голубев жұптық сында украиналық Людмила Киченокпен бақ сынайды.
Аустралия астанасы Меьлбурнда қазақстандық спортшы Анна Данилина әзірге турнирде, ал Юлия Путинцева, Михаил Кукушкин, Тимофей Скатов, Елена Рыбакина және Александр Бублик жарыс жолынан шығып қалды.
Жарнама