Теннис
22 тамыз 17:09
 

Қазақастандық теннисші АҚШ-тағы турнирдің жартылай финалына өтті

  Пікірлер

blog.share

Қазақастандық теннисші АҚШ-тағы турнирдің жартылай финалына өтті ©ҚТФ

Қазақстандық теннисші Анна Данилина АҚШ-тың Кливленд қаласында өтіп жатқан WTA 250 турнирінің жартылай финалына шықты.

blog.share

Қазақстандық теннисші Анна Данилина АҚШ-тың Кливленд қаласында өтіп жатқан WTA 250 турнирінің жартылай финалына шықты.

Данилина сербиялық Александра Круничпен жұптасып, ширек финалда америкалық Кармен Корли/Ивана Корли жұбын 6:4, 6:7 (2), 10:8 есебімен жеңді.

Турнирдің жартылай финалында Анна мен Александра Чехиядан барған Анастасия Детиюк/Мириам Скох жұбымен кездеседі.

Айта кетейік, Данилина мен Крунич бұл турнирде 2022 жылы да ойнаған және финалға шыққан, бірақ жеңіліп қалған еді. Сондай-ақ биылғы жылы бұл жұп Франция ашық чемпионатының финалына дейін жеткен.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!