Қазақ теннисші халықаралық турнирдің абсолют чемпионы атанды

ҚТФ

Қазақстандық Ерасыл Ерділдә Шолпан-Ата қаласында (Қырғызстан) 18 жасқа дейінгілер арасында өткен үшінші санаттағы ITF турнирінің абсолютт чемпионы атанды. Бұл туралы ҚТФ ресми сайты хабарлады.

Team Kazakhstan академиясының түлегі Ерасыл әуелі жұптық сында қазақстандық Виталий Зацепинмен бірге үздік шықты. Қазақстандық жұп финалда ресейліктер Макар Елесин - Даниил Степановты ұтты - 6:3, 6:3. Содан кейін Ерасыл жекелей сында Д.Степановты айқын басымдықпен жеңді - 6:1, 6:2.

Осылайша, Қызылорда қаласында туып-өскен Ерділдә ITF додаларындағы бесінші титулына қол жеткізді.

Сондай-ақ, Францияның Дижон қаласында төртінші санаттағы ITF Juniors жарысында Зара Дәркен жұптық сында жеңімпаз атанды. Ол украиналық Анастасия Фирманмен бірге соңғы бәсекеде украиналықтар Серафима Бобровникова - Стефания Пушкарьді тізе бүктірді - 7:5, 6:3.

Ереван қаласында 12 жасқа дейінгілер арасында екінші санаттағы Tennis Europe турнирінде Асқар Әмір өзінің халықаралық жарыстағы алғашқы трофейіне ие болды. Ол финалда ресейлік Павел Яромскиймен бірге ресейліктер Филипп Смирнов - Аркадий Вахлиннен басым түсті - 6:2, 6:7 (2:7), 10:7.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: