Қазақстандық теннисші Александр Недовесов жұптық сында Испанияның Жирона қаласында өткен "Челленджер" сериясындағы турнирдің чемпионы атанды.
Қазақстандық теннисші эквадорлық Гонсало Эскобармен бірге финалда франциялықтар Хонатан Эйссерик - Альбано Оливеттимен ойнады. Бір сағат 43 минутқа созылған матчте Недовесов пен Эскобар 7:6 (7:1), 6:4 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша, Александр Недовесов карьерасында "Челленджер" санатындағы жарыстарда 28-ші титулын жеңіп алды, соның ішінде 25 жеңіс жұптық сында.