Жарнама

Теннис
Бүгін 13:36
 
Жібек Құламбаева Қытайдағы турнирдің жеңімпазы атанды

  Пікірлер

blog.share

Жібек Құламбаева Қытайдағы турнирдің жеңімпазы атанды ©

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева (WTA рейтингінде 395-орын) ресейлік Екатерина Рейнгольдпен (328-орын) бірге Қытайдың Баотоу қаласында өткен ITF W50 турнирінің жұптық сынында топ жарды, деп хабарлайды Vest.kz.

Финалдық кездесуде Жібек Құламбаева мен Екатерина Рейнгольд Қытай және Италия өкілдерінен құралған Чэнги Юань (643-орын) мен Дилетта Черубини (390-орын) дуэтін екі сетте сенімді түрде жеңді. Есеп — 6:1, 6:1. Матч небәрі 51 минутқа созылды. Осылайша, Жібек пен Екатерина турнирдің бас жүлдесін иеленді. 

Айта кетейік, турнирдің жүлде қоры 40 000 долларды құрайды. Осы айдың басында Жібек Құламбаева тағы бір ресейлік теннисші Екатерина Яшинамен бірге Үндістанның Аурангабад қаласында өткен ITF W15 турнирінде жеңіске жеткен болатын.

t.me/insports_kz арнасына жазылыңыздар

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

Жарнама

Живи спортом!