Жібек Құламбаева әлемдік рейтингте жеке рекордына қол жеткізді

©WTF

Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жаңартылған рейтингіні жария етті, деп хабарлайды, деп хабарлайды "Хабар 24" телеарнасы.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина әлемдік рейтингіде 21-орнын сақтап қалса, Юлия Путинцева 32-ден 33-ке сырғыды.

Зарина Дияс 199-сатыда тұр. Жарақатына байланысты көгалдағы корттарда болатын жарыстарға, соның ішінде Уимблдон турниріне қатыса алмайтын Заринаның көрсеткіші бірте-бірте құлдырап барады.

Жұптық сында Қазақстанның үздік теннисшісі Анна Данилина 21-сатыда келеді. Жібек Құламбаева 280-нен 273-орынға көтерілді. Сөйтіп Жібек өзінің жеке рекордына қол жеткізді. Гөзал Айнитдинова 427-орында қалды.

Еске салайық, бұдан бұрын Қазақстанның бірінші ракеткасының әлемдік рейтингіде 37-орынға көтерілгенін, қазақстандық жас теннисшінің Грузиядағы жарыста абсолютті чемпион атанғанын жазған болатынбыз.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport