auth.social_login
js.pozhaluista_podojdite js.ukazhite_email js.ukazhite_imya_ili_psevdonim js.ukazhite_parol js.dlya_registracii_na_saite_vy_doljny js.dlya_redaktir_profilya js.ukazhite_korrektny_email material_dobavlen_v_izbrannoe js.dobavit_v_izbrannoe js.ubrat_iz_izbrannogo js.paroli_ne_sovpadayut js.zadaite_parol_dlya_vhoda_na_sait js.horoshi_parol_doljen_soderjat js.spasibo_za_vash_golos js.dobavit_plus_1 js.ubrat_plus_1 js.vyberite_variant_otveta
js.mesto
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
По-русски Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

"Жастайымнан мельдоний ішіп жүргенмін". Шарапова өзі іліккен допинг дауына кім кінәлі екенін айтты

Ол 15 айға спорттан шеттетілген болатын.

"Жастайымнан мельдоний ішіп жүргенмін". Шарапова өзі іліккен допинг дауына кім кінәлі екенін айтты
Мария Шарапова. Сурет: sport-express.ru©

Әлемнің бұрынғы бірінші нөмірлі теннисшісі Мария Шарапова мельдонийді қашаннан бастап ішкенін айтты. Осыған байланысты ол 2016 жылы 15 айға спорттан шеттетілген болатын, деп жазады "Чемпионат". Шарапованың айтуынша, ол бұл дәріні көп уақыттан бері ішкен екен. 

"Кішкентай кезімде денсаулығымның дұрыс емес екенін байқадым. Сондықтан әкем маған Ресейден жеке дәрігер іздестірді. Біз АҚШ-та тұрғанымызға қарамастан, әкеме орыс тілінде сөйлейтін дәрігер тапқаны ыңғайлы болды. Өйткені олар бір-бірін оңай түсінетін еді. 


Ол бір дәрігер тапты. Өкінішке қарай, ол спортшылардың дәрігері болмай шықты. Біз бірнеше анализ жасадық. Сөйтіп ол дәрілер жазып берді. Ол дәрілердің ішінде милдронат та бар еді. Бұл дәріні Ресейде дәрігердің нұсқаулығынсыз-ақ сатады. Оны көпшілік аспирин секілді іше береді. 

2006 жылдан бері мен милдронатты тұрақты ішіп жүрдім. Допингтен талай өттім. Бірақ ол кезде ештеңе шықпады. Дәл осылай 2015 жылға дейін жалғасты. 

2013 жылы мен дәрігерімді ауыстырдым. Алайда милдронатты іше бердім. 2016 жылы бұл дәрі спортшылардың ішуіне рұқсат етілмеген таблеткалардың қатарына қосылды. 2015 жылдың соңында менеджерімнен рұқсат етілмеген дәрілердің жаңа тізімін қарап шығуын сұрадым. Бірақ ол қарамапты. Ол кезде менеджерімнің жеке проблемалары болыпты. Осылайша біз мельдонийдің тізімге енгенін көрмей қалдық", - деді Шарапова. 

Айта кетейік, Шарапова "Үлкен дулыға" санатындағы турнирлерді бес рет жеңген. Ол "Үлкен дулыға" қатарына қосылатын ең үлкен төрт турнирді жеңіп алған әлемдегі он теннисші қыздардың бірі. Ресейлік ару биыл ақпан айында карьерасын аяқтағанын хабарлады. 

Шарапова карьерасында 36 WTA турнирінде топ жарған. Одан бөлек, 2012 жылы Лондонда өткен Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері. 






 

Әлеуметтік желілерде бөлісу


Тег:
Жаңалықтар