Жасөспірімдер арасында US Open турнирінде үш қазақстандық ойнайды

©olympic

Team Kazakhstan академиясының тәрбиеленушілері Максим Батютенко (60 ITF), Аружан Сағындықова (58 ITF) және Сандуғаш Кенжебаева (65 ITF) АҚШ-тың ашық чемпионатында ойнайды. Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясының ресми сайты мәлімдеді.

Үшеуі де өз жолын жеке разрядтағы біліктіліктен бастайды.

Жасөспірімдер арасындағы US Open матчтары 4-10 қыркүйек аралығында өтеді. Қазақстандықтар бірінші раундтағы өз қарсыластарымен 3 қыркүйекте жеребе тарту рәсімі өтетін кезде танысатын болады.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport