Жас теннисшілер ең үздік 100 ойыншының қатарына кірді

©ҚТФ

Халықаралық теннис федерациясы (ITF) 18 жас және одан кіші жастағылар арасында жаңартылған әлемдік рейтингіні жария етті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аружан Сағындықова 77-орынға орнықты. Аружанды өкшелеп келе жатқан Сандуғаш Кенжебаева бір саты жоғарылап 78-орынға көтерілді.

Жанель Рүстемова 147-орында болса, бірден 49-сатыны артқа тастаған Дана Байдәулет әлемнің 167-ракеткасы атанды. Еркежан Арыстанбекова 193, Айя Нұпбай 211-сатыда (+47) тұр. Өткен аптамен салыстырғанда, Асылжан Арыстанбекова (+10, 213 ракетка) мен Іңкәр Дүйсебай (+33, 459 ракетка) да өз көрсеткіштерін жақсартты.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: