Жас қазақстандық Азия теннис федерациясы рейтингінде көш бастады

©olympic.kz

Азия теннис федерациясы 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында жаңартылған рейтингін жариялады, деп жазады Olympic.kz.

Қазақстандық 15 жасар теннисші Заңғар Нұрланұлы ұпай санын 2 610-ға жеткізіп, рейтингте көш бастады.

Мамыр айында жасөспірімдер арасында Дэвис кубогінің Азия - Тынық мұхит аймағы бойынша іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасы сапында Заңғар жекелей сында алты кездесу өткізіп, бәрінде жеңіске жетті. Ол қарсыластарына бірде-бір сет берген жоқ.

Қазіргі кезде Заңғар Нұрланұлының еншісінде ITF Junior жарыстарында жеңіп алған 4 титулы бар, соның үшеуінде жекелей, біреуінде жұптық сында қол жеткізген

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар