Теннис
Кеше 18:49

Жәния Бекмұхамбетова Ташкенттегі турнирдің жеңімпазы атанды

©ҚР ҰОК

Қазақстан құрамасының үстел теннисшісі Жәния Бекмұхамбетова Өзбекстанның Ташкент қаласында өткен WTT Youth Contender халықаралық турнирінің жеңімпазы атанды.

Қазақстандық спортшы 13 жасқа дейінгі (U13) санатта алтын медаль жеңіп алды.

Финалда Жәния Үндістан өкілі Шреошри Чакрабортиді 3:1 есебімен жеңді.

Айта кетейік, осы жас санатында өнер көрсеткен Назерке Болатбек ширек финалға дейін жетті.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport