Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жеке және жұптық сындағы рейтингін жаңартты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Осылайша, жеке сында қазақстандық теннисші Елена Рыбакина әлемдік классификацияда рекордты - төртінші орынға көтерілді, бұған дейін ол алтыншы орында болған еді. Рыбакина Римде өткен турнирдегі жеңісінің арқасында жоғарлап отыр.
Тағы бір қазақстандық Юлия Путинцева 61-орынға түсті.
Үздік үштік өзгеріссіз: Ига Свентек (Польша), Арина Соболенко (Беларусь) және Джессика Пегула.
Жұптық сында қазақстандық теннисші Анна Данилина 26-орыннан 24-орынға көтерілді.
Елена Рыбакина тағы бір титулды жеңіп, әлемнің 4-ракеткасы атанды.