Истбурн турнирінде теннисшілер тоналды

©peoples

Аргентиналық Диего Шварцман мен испаниялық Педро Мартинес Истбурндегі (Ұлыбритания) теннис турнирінде тоналды. Бұл туралы The Guardian басылымы хабарлады.

Белгілі болғандай спортшылар орналасқан қонақ үйден бағалы заттары жоғалған.

"Менің бөлмемнен сағат ұрланыпты. Шварцманның да біраз заты жоғалыпты. Түнімен ұйықтай алмай шықтым. Мен үшін ауыр түндердің бірі болды", - дейді Мартинес.

Еске салайық, Истбурндегі жарыс 24-25 маусым күндері өтеді.   

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: