Индиан-Уэллстегі WTA 1000 турнирі: Путинцева әлемнің 1-ракеткасын ұта алмады

©Jimmie48 Photography, WTA

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Индиан-Уэллстегі WTA 1000 турнирінің ширек финалына өте алмады.

Қазақстандық теннисші төртінші айналымда әлемнің 1-ракеткасы Ига Швентекпен ойнады. Бір сағат он минуттық матчте польшалық теннисші 6:1, 6:2 есебімен басым түсті.

Бұған дейін Швентек пен Путинцева екі рет кездескен, ол ойындарда да польшалық теннисші жеңген болатын. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport