Қазақстандық Григорий Ломакин жұптық сында Шымкентте өтіп жатқан BeeTV Challenger 80 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ломакин ресейлік Ян Бондаревскиймен бірге бастапқы кездесуін норвегиялық Виктор Дурасович – ресейлік Иван Гаховпен өткізді. Нәтижесінде қазақстандық-ресейлік жұп 6:4, 6:3 есебімен жеңіске жетті. Ломакин мен Бондаревский ширек финалда румыниялықтар Николос Йонел – Филипп Жианумен ойнауы керек еді. Алайда, қарсыластарының бірі жарақат алып қалуына байланысты бұл кездесу өтпейтін болды. Сөйтіп, Григорий Ломакин жартылай финалға жолдама алды.
Жекелей сында Бейбіт Жукаев екінші айналымда америкалық Эвану Жуға есе жіберді – 2:6, 3:6. Ал Денис Евсеев жапониялық Каичи Учидадан ұтылып қалды – 6.7 (5:7), 6:3, 4:6. Евсеев жұптық сында да жарыс жолын аяқтады.