Голубев Германиядағы турнирді сенсациялық жеңіспен бастады

©olympic

Қазақстан құрамасының мүшесі Андрей Голубев Мюнхендегі теннис турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Француз Фабрис Мартенмен жұп құрған отандасымыз "Уимблдон – 2021" жеңімпаздары хорватиялық Никола Мектич пен Мате Павичті 6:4, 7:5 есебімен ұтты.

Келесі айналымда Голубев пен Мартен екеуі Иван Сабанов/Матей Сабанов (Сербия) - Хулио Перальта (Чили)/Франко Скугар (Хорватия) кездесуінің жеңімпазымен кездеседі. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: