Голливудтың атақты актері Рассел Кроу қазақстандық теннисші қызға тамсанды

Сурет: People.com

Аустралиялық және америкалық актер, әрі режиссер Рассел Кроу қазақстандық теннисші Юлия Путинцеваға тәнті болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Жексенбіде теннисші карантинге байланысты қонақүй бөлмесінде жаттығып жатқанын түсіріп, Twitter желісінде видео жариялаған. 

"Гладиатор", "Ной", "Игры разума", "Нокдаун", "Мумия" фильмдеріндегі рөлдермен танымал болған Голливуд жұлдызы видеоны Twitter желісіндегі аккаунтында бөлісті және "Енді Australian Open-де жаңа сүйікті теннисшім бар" деп жазды.

Путинцеваның жазбасына басқа да теннисшілер пікір қалдырды. Олардың арасында Майк Тайсонның қызы Милан да бар.

Australian Open 2021 Мельбурнда 8 ақпанда басталады. Турнирге Қазақстаннан алты спортшы Елена Рыбакина, Юлия Путинцева, Зарина Дияс, Ярослава Шведова, Александр Бублик және Михаил Кукушкин қатысады.