Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы (ATP) жаңартылған әлемдік рейтингті жариялады, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Қазақстандық теннисші Александр Бублик Германияның Галле қаласында өткен ATP 500 санатындағы турнирде екінші рет чемпион атанып, рейтингте бірден 15 сатыға көтерілді. Енді, ол – әлемнің 30-ракеткасы.
Финалда Бублик ресейлік Даниил Медведевті жеңсе, 2023 жылы тағы бір ресейлік Андрей Рублевті тізе бүктірген болатын.
Биылғы турнир барысында ол сенсациялық түрде әлемнің бірінші ракеткасы Янник Синнерді (Италия), Томаш Махачты (Чехия) және Карен Хачановты (Ресей) жеңді.
Қазақстанның екінші ракеткасы Александр Шевченко жаңартылған рейтингте 97-орынды иеленді.
Әлемдік рейтингтің үздік үштігі өзгеріссіз қалды:
1. Янник Синнер (Италия)
2. Карлос Алькарас (Испания)
3. Александр Зверев (Германия)
Жарнама