Бұған дейін Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы (АТР) мен Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) коронавирусқа байланысты барлық турнирді тоқтатқан болатын.
"Кәсіпқой ретінде теннис залында жаттыға аламын, сондықтан аптасына үш-төрт рет ойнаймын. Бірнеше аптадан бері 450 еуроға супермаркетте жұмыс істеп жүрмін. Әзірше кассада отыруыма рұқсат жоқ. Азық-түлікті сөрелерге қоямын, бос қораптарды түгендеймін. Өткен аптада кіреберісте күзетші болдым, дүкен арбаларын дезинфекциялық құралмен өңдедім. Көптен бері қарапайым жұмысты көруді армандайтынмын. Коронавирустың арқасында осындай мүмкіндік туды", - деді Кравиц.
Германиялық теннисші 2019 жылы отандасы Андреас Миспен бірге "Ролан Гарростың" жұптық сынында топ жарған еді.