Франция чемпионатының жеңімпазы пандемия уақытында қара жұмыс істеп жүр
Кевин Кравиц (сол жақта). Сурет: Point.md
2019 жылы "Ролан Гарростың" жұптық сынында жеңімпаз болған Кевин Кравиц пандемия кезінде супермаркеттердің біріне жұмысқа орналасқанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Spiegel.
Бұған дейін Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы (АТР) мен Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) коронавирусқа байланысты барлық турнирді тоқтатқан болатын.
"Кәсіпқой ретінде теннис залында жаттыға аламын, сондықтан аптасына үш-төрт рет ойнаймын. Бірнеше аптадан бері 450 еуроға супермаркетте жұмыс істеп жүрмін. Әзірше кассада отыруыма рұқсат жоқ. Азық-түлікті сөрелерге қоямын, бос қораптарды түгендеймін. Өткен аптада кіреберісте күзетші болдым, дүкен арбаларын дезинфекциялық құралмен өңдедім. Көптен бері қарапайым жұмысты көруді армандайтынмын. Коронавирустың арқасында осындай мүмкіндік туды", - деді Кравиц.
Германиялық теннисші 2019 жылы отандасы Андреас Миспен бірге "Ролан Гарростың" жұптық сынында топ жарған еді.

Жарнама