Энди Маррей "Ролан Гаррос" турниріне арнайы шақырту алды

18 қыркүйек 2020 15:59
Ұлыбританиялық тенннисші Энди Маррей Франция ашық біріншілігі, яғни "Ролан Гаррос" турниріне wild card (арнайы шақырту), алды.

Жалпы алдағы турнирге арнайы шақыртуды ерлер арасында сегіз, қыздар арасында сегіз теннисші алған. Тарқатып айтар болсақ, қыздар арасында wild card болгариялық Цветана Пиронкова, канадалық Эжени Бушар, франциялық Полин Парментье, Клара Бюрель, Хлое Пакэ, Диана Парри, Хармони Тан және Эльза Жакемо секілді ойыншылар алған.

Ал ерлер арасында британдық Энди Маррей және франциялық Эллиотт Беншери, Хьюго Гастон, Кантен Гали, Антоан Хоан, Максим Хавьер, Гарольд Майо және Артур Риндеркнех секілді теннисшілер алып отыр.

Негізі жыл сайын "Ролан Гаррос" турнирі мамыр айында өтуі керек болатын. Бірақ пандемияға байланысты кейінге шегерілді. Енді ұйымдастырушылар турнирді 21 қыркүйекте бастап, 11 қазанда аяқтауға ниетті.
Метки: