Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Будапештте өткен WTA Hungarian Grand Prix турниріндегі жеңісіне қатысты пікір білдірді. Спортшының сөзін ҚТФ беріп отыр.
Шешуші матчте Путинцева украиналық Ангелина Калининаны ұтқан болатын. Қазақстандық теннисші краьерасында осымен WTA титулын екінші рет ұтып отыр.
"Бірінші кезекте Қазақстанның теннис федерациясына алғыс білдіремін. Үнемі қолдау білдіретін федерация болғаны жақсы. Екі күн демалсам, ары қарай Токиоға ұзақ сапар күтіп тұр. Олимпиадада кордтың жабындысы басқа, оңай болмайды, бірақ, мен кез келген жағдайға дайынмын және еліме Олимпиада алтынын жеңіп алуға тырысамын", - деп жазыпты Путинцева.
Еске салайық, бірінші WTA трофейін Юлия 2019 жылы Нюрнбергте ұтып алған. 24 шілдеде Путницева Токиодағы жекелей сында бірінші ойынын өткізеді.