Теннис
16 ақпан 12:15

Елена Рыбакинаның WTA-ның жаңартылған рейтингіндегі орны белгілі болды

©Андрей Ударцев/ҚТФ

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) жекелей және жұптық сындағы жаңартылған рейтингін жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Жекелей сын

• Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина үшінші орнын сақтап қалды.

• Юлия Путинцева сегіз сатыға төмендеп, 78-орынға түсті.

• Зарина Дияс үш позиция жоғалтып, 293-сатыға сырғыды.

• Жібек Құламбаева екі орынға төмендеп, 390-орында тұр.

Әлемдік рейтингтің алғашқы екі сатысында бұрынғыдай Арина Соболенко мен Ига Швёнтек көш бастап келеді.

Жұптық сын

• Қазақстанның жұптық сындағы көшбасшысы Анна Данилина оныншы орыннан жетінші сатыға көтерілді.

• Үздік үштікке Элизе Мертенс, Катерина Синякова және Тейлор Таунсенд енді. Таунсенд үшінші орыннан италиялық Жасмин Паолини мен Сара Эррани жұбын ығыстырды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport