Елена Рыбакинаның US Open жарысындағы келесі қарсыласы анықталды

©Тұрар Қазанғапов

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина US Open турнирінің келесі кезеңінде аустралиялық Айла Томляновичпен кездеседі. Ойын 30 тамыз күні өтеді. 

Жарыстың бірінші кезеңінде Елена украиналық Марта Костюкті 6:2, 6:1 есебімен айқын ұтып шықты. Ал Айла болса мажар елінің спортшысы Панна Удвардиді үш сетте 3:6, 6:2, 6:4 нәтижесімен басым түсті.

Рыбакина WTA рейтингінде 4-орында болса, Томлянович 127 сатыдағы теннисші. 

US Open турнирінде Елена Рыбакинадан өзге де қазақстандық теннисшілер бақ сынауда. Александр Бублик жарысты бірінші кезеңде аяқтаса, Юлия Путинцева мен Тимофей Скатов корттағы ойындарын жалғастырады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport